Ең көп құқықбұзушылық-қауіпсіздік белдігін тақпау

13.jpg

Түркістандық полицейлер 5 тәулікте 5700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы аумағында 1 ай мерзімге жоспарланған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүргізілуде. Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды іске асыруда. Тәртіп сақшылары бірінші кезекте тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілігін қарастыруда. Іс-шараның бес тәулігінде Түркістан облысының полицейлерімен 5786 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ең көп орын алған құқық бұзушылық қатарында, қауіпсіздік белдігін тақпау. Бұл бойынша 1186 жайты анықталды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден кесіп өткені бойынша 1100 дерек белгілі болды. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 527 жайтына хаттама толтырылды. Техникалық байқаудан өтпеудің 362 жайты анықталды. Маневр жасау ережесін бұзған 220 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал жылдамдықты шамадан тыс асырған 184 жүргізуші әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз қайта жабдықтау бойынша 62 дерек анықталып, ішімдік ішіп көлік тізгіндеудің 32 дерегі тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілерімен 5 тәулікте 143 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы Қызылорда-Шымкент бағыты бойында «VAN HOOL 917» маркалы көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды. 

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Сіздің бір қателігіңіз өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өмірін жалмауы мүмкін екенін естен шығармаңыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер