Ұры із суымай ұсталды

30.jpg

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге заңсыз кіріп,  ақша ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш  АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмеде  тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Нәтижесінде сарыағаштық тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті деп танылған ер азаматты анықтады.

Тергеу барысында күдікті азаматтың жергілікті  тұрғын екендігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер күдікті азаматтың ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын және  ұрлаған ақшаны өз кажетіне жұмсап жібергенін білді. Бүгінде ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы полицейлері тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камерасын және терезелерге металл тор орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер