«Қауіпсіз жол» бір айға жалғасады

18.jpg

Түркістан облысында 1 айға жоспарланған республикалық «Қауіпсіз-жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы  өтуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған іс-шара барысында   Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі  Бауыржан Жанаев,  жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қызметкерлермен  бірге    орталық көшелерде рейд жүргізді. Яғни, полиция бастығы  түрлі жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында  Әмір Темір мен Тоқаш Бокина  көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етті.

Түркістан қаласының бас полицейі  қауіпсіздік белдігін тақпаған, көлік басқару кезінде  ұялы телефонмен сөйлескен  құқық бұзушыларға  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға полицейлер тиісті заңды шара көру үшін әкімшілік хаттамалар толтырды.

Мысалы, патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін «Mercedes» автокөлігін   тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның  көлік басқаруға арналған  куәлігінің жоқ екені  белгілі болды. Осыған орай жүргізушіге  ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» мен 612-бабы «Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша заңға сәйкес  әкімшілік хаттама толтырылып, полиция подполковнигі  Б.Жанаев   жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Айта кетер болсақ «Қауіпсіз-жол» іс-шарасы басталғалы бері 10 күн ішінде  Түркістан қаласы бойынша қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған  350-ге жуық азамат  анықталып оларға  ҚР ӘҚБтК-нің  593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» 591-бабы « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы»  41 хаттама 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 7 хаттама толтырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер