Теріс ағым жақтаушысынан есірткі табылды

19.jpg

Түркістан облысында  деструктивті-діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі заттарын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде алынған түптер құрамында есірткісі бар «сора»  болып шықты. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер