Куәлігінен өмір бойы айырылды

29.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады. Осы тұрғыда полицейлер таңғы 04:00 шамасында Шымкент-Самара тас жолы бойында «Opel Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында бұған дейін  ӘҚБтК-нің 608-бабы 4-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің көлік басқарғанда мас халде болғаны расталды. Яғни өз қателігінен нәтиже шығармаған жүргізуші тағы да мас күйде көлік тізгіндеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеп, Ордабасы аудандық сотына жолдады.

Нәтижесінде жүргізуші ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін мас халде көлік басқармауға кеңес береді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер