«Жердің құжатын жасап беремін» деп...

30.jpg

Түркістан облысында жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды.  Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан  ҚПБ-ға  жергілікті тұрғын арызданды.  Жәбірленуші ер адамның айтуынша, алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1 100 000 теңге ақшасын алған. Жәбірленуші жарты жыл бойы алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан  ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан  ұстады. Оны бірден басқармаға  жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты. 

Белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алып, жалпы 3 000 000 теңгеге шығын келтірген. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Қандай жағдай болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға ақша аудармауға және бермеуге, сенбеуге қатаң ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер