Заңсыз мал тасымалдағандар жауапқа тартылады

31.jpg

Түркістан облысында полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде елімізде мал ұрлығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай ҚР ішкі істер министрлігімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» жасалынған. Аталған бағдарламаға сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Созақ-Шымкент тас жолы бойында тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде «FOTON» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның ветеринариялық құжатсыз бір бас айғырды заңсыз алып бара жатқанын анықтады. Сонымен қатар «Газель» автокөлігімен тағы бір тұрғынның Созақ ауданынан Сайрам ауданына 10 бас бұқа мен 1 бас сиырды мал базарға алып бара жатқаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз мал тасымалдауларға, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер