Малды қараусыз қалдырмаңыз

6.jpg

Тұрғын жоғалған сиырын тауып берген полицейлерге алғысын жаудырды.

Түркістан облысы Шардара  АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 1 бас сиырының жоғалғаны туралы арызданды. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Алайда одан  еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.

Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Шардара АПБ-ның полицейлері жоғалған ірі қара малды 30 шақырым жерде орналасқан  жайылымнан тапты. Табылған сиыр заңды иесіне қайтарылды.

"Мен 1 бас сиырымды жоғалтып, Шардара ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және оны тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! "- деді ауыл тұрғыны.

Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше, үй шаруашылығын сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалау және сырғалау қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеп, уақыт жоғалтпастан, дереу полицияның  "102" нөміріне  хабарласыңыз.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер