Бауыржан ЖАНАЕВ:Ең бастысы -қолжетімді, ашық полиция болу

7.jpg

Түркістан қаласындағы Ақжайық музыкалық мектебінің залында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың  ұйымдастыруымен ауқымы кең, тәлім-тағылымы зор іс-шара өткізілді.  Жиынға полиция подполковнигі Б. Жанаев пен жеке құрам қызметкерлері, Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Кеңес отырысын Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жүргізді.

Мұндағы негізгі мақсат – үлкенге құрмет көрсету, ардагерлер арқылы ұлттық құндылықтарымызды жастар бойына сіңіру, облыс орталығындағы тәртіпті қадағалау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы аталған іс-шаралардың барлығында ақсақалдармен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды атқару мәселесі қаралды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен ардагерлердің арасындағы байланысты нығайту, халықпен тиімді әрі тығыз қарым-қатынас  орнату, сервистік полиция мен жұртқа жақын полиция қағидаты бойынша жобалардың орындалуын қарау да назардан тыс қалмады.

Келелі кездесуде Түркістан ҚПБ бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, жыл басынан бері тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстарды баяндай отырып: «Ең бастысы қолжетімді, ашық полиция болу жолында үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы ретте сіздердей алдыңғы буын қарттарымыздың ақыл-кеңестері біз үшін ауадай қажет. Сіздермен бетпе-бет кездесіп, тығыз байланыс жасап,  ұрпақтар сабақтастығын жалғағандаймыз. Аман болыңыздар!» -деп атап өтті.

Өз кезегінде қаланың көзі қарақты қариялары жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөздерін арнады. Одан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде қала аумағында атқарылған жұмыстардың кем-кетігін айтты. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ойын-сауық орындарында ішімдік сатуды азайту, демалыс және қоғамдық орындарда орын алатын кикілжіңдердің тіркелуіне жол бермеу, кісі өліміне алып баратын жайттарды  болдырмау, жалпы қылмыстың алдын алу, қала тыныштығы – бірінші орында тұруы керегін алға тартты.

Осылайша ардагерлер мен полицейлер арасында тағылымы мол әңгімелер өрбіді. Келелі кездесудің соңында ардагерлермен естелікке суретке түсу рәсімі өтті


Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер