Алаяқтардан сақтаныңыз!

8.jpg

Түркістан полицейлері алаяқтық жолмен тұрғынның атынан  онлайн несие рәсімдеген  күдіктіні  ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.  

Төлеби АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, алыс танысы  оның банк қосымшасы арқылы  өзіне  ақша аударып  аламын деп алдап, 600 мың теңгеге  атынан несие рәсімдеген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша  тіркеді. 

Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында, ақпарат көздері арқылы 2 тәулік ішінде  күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып,  ПБ-ға жеткізді.   

Полицейлер  күдікті деп  танылған жергілікті тұрғынның  ақшаны  өз қажеттілігіне  жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.             

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауды және бермеуді ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер