Арба ұрлаған күдікті ұсталды

15.jpg

Түркістан облысының полицейлері  базардан арба ұрлаған ер адамды   ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің  айтуынша, орталық базарда құны 80 мың теңге болатын арбасын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Аталған жайт қалалық  Полиция басқармасына  ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында түркістандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторларына бағыт берілді. Учаскелік инспекторлар тәулік ішінде күдікті ер адамды ұстады. 

Анықталғандай, күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан соң-ақ арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, бағалы заттарыңызға  барынша сақ болыңыздар. Егер, сіз,  ұрлық қылмысының құрбаны не куәсі болсаңыз, тез арада  полицияға  хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер