Алаяқтардан сақтаныңыз!

16.jpg

Түркістан облысында жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 2 бірдей ер адамды алдаған  әйел ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2022 жылы қаңтар  айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында бейтаныс әйелмен танысады. Содан әңгіме барысында танысқан әйел жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді. Осыдан соң ер азамат бейтаныс әйелге 160 000 теңге береді. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 8 айға  созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. 

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан соң ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Сондай-ақ ұсталған әйелдің бұған дейін де 1 азаматтан дәл осындай алаяқтықпен жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып ақша алғаны анықталды. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңге.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынамын деген адамның, алаяқ екені белгілі. Сондықтан, сақ болыңыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер