Есірткі қолдану-қауіпті

17.jpg

Түркістан облысының полицейлері  үйінде  есірткі  өсірген тұрғынды анықтады, Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Кентау  қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен қала  тұрғынын құрықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда  оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолдануға, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін еске салып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер