Көлікті куәліксіз басқарған

18.jpg

Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген жас жігіт 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын ұйымдастыруда. Осы шара барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сағат 10:30 шамасында «Ауди-80» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар полицейлер оның масаң күйде екендігіне күдіктеніп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес  жүргізушінің алкогольді мас күйде екендігі белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жинақталған іс-құжаттар Ордабасы аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде, мас халде көлік тізгіндеген жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері көлік басқару құқығы жоқ жүргізушілерге көлік айдамауға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер