Бағалы заттарыңызға сақ болыңыз!

26.jpg

Түркістан қаласының полицейлері тұрғынның  сөмкесін тауып алғыс алды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол түскі сағат 12:00 шамасында жұмыс орнынан шығып, үйіне жету үшін аялдамадан жолаушылар көлігіне мінеді. Содан діттеген жеріне келіп, автобустан түскенде қолсөмкесінің көлікте қалып қойғанын көреді. Осылайша әйел сөмкесін іздеп таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Сөмкеде өзіне тиесілі құжаттары болған. Аталған жайтты түркістандық полицейлер  ҚР ҚК-нің 188-бабы « Ұрлық»  бойынша тіркеді.

Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жедел іздестіру шараларына кірісті. Полицейлер жәбірленушіден, куәлардан жауап алып, күдіктінің жеке-басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп,  тәулік ішінде күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай,  жәбірленушімен бірге көлікте отырған жолаушы  әйел жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Содан жәбірленушінің сөмкесінің  қалып кеткенін көріп, оны  білдіртпей  жымқырған. Ұсталған әйелден  сөмке тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

 Өз кезегінде тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне риза болған тұрғын  полицейлерге алғысын айтты. «Мен сөмкемді  жоғалтып алдым. Содан соң өзім іздедім. Бірақ таба алмадым. Ал полицейлер бірден тауып берді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Үлкен рақмет!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қоғамдық орындарда бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар,  үйлеріңізді  аз уақытқа шықсаңызда құлыптап жүріңіздер деп кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер