Қос азаматтыққа шара көріледі

31.jpg

Түркістан облысының полицейлері қос азаматтық алып жүрген ер адамды анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Келес ауданы полиция бөлімінің полицейлері Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын тексеру кезінде, оның қос азаматтықты қабылдағанын анықтады. Яғни ол Қазақстан азаматы бола тұра, 2015 жылы Ресей Федерациясына жұмыс істеу үшін барып, сол жақта үйленіп қалып кеткен. Осылайша Ресей Федерациясының төлқұжатымен құжаттанған. Алайда ер азамат заңға сәйкес бұл туралы мемлекетке хабар бермеген. Яғни ер адамның Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы елшілікке хабарлама келіп түспеген. Ал ҚР Конституциясында қос азаматтық көзделмеген. Сондықтан полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Келес ауданының сотына жолдады. Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған әрбір адамға заңды шара көрілетіндігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер