Полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады

14.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, сағат 02:30 шамасында оның тұрғын үйінің ауласында тұрған «AZIA АВТО» маркалы велосипедін белгісіз тұлға жасырын жымқырып  кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткен. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын аумақтарды қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, сезікті жас жігіт түнгі уақыт шамасында ел ұйқыда жатқанда ұрлыққа барған. Ол ұрлаған бөтеннің мүлкін үйіне жасырып қойған. Полицейлер айғақты зат ретінде велосипедті тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер