Полицейлер ұялы телефон ұрлаған жас жігітті анықтады

15.jpg

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Оның айтуынша, оның ауласындағы үстел үстінде тұрған «Редми»  маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 160 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Полиция қызметкерлері қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт анықталды. 

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт түнгі уақытта тұрғынның  ұйықтап жатқанын көріп, емін-еркін ашық тұрған есіктен үйге кіреді. Ол оңай олжалы болуды көздеп, жатын бөлмеде тұрған  ұялы телефонға көзі түсіп  жымқырып кеткені  белгілі болды.  Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді. 


         

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер