Бақташымен келісім-шарт жасаңыз!

16.jpg

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адамның айтуынша, ол 7 бас сиыры мен 6 бас жылқысын өзінің бақташысына сеніп тапсырған. Алайда, сеніп тапсырған мүлкінің жоқ екендігін айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен  көмек сұраған. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңгеден астам. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. 

Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты толық анықтау үшін бірден іске кірісті. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын да сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті ер адамның 2 жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған 10-нан астам сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мүлкіңізді бақташыға сеніп тапсырардан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар малдарыңызды таңбалап, үш жақты келісім шарт жасауды еске салады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер