Есірткі иісшіл иттің көмегімен анықталды

18.jpg

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш АПБ-нің полицейлері «Жібек жолы» бақылау бекетінен Қазақстан  Республикасына өтетін шекара аумағында есірткі затын алып өтпекші болған өзбекстандық ер азаматты ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022  жылдың тамыз айында  «Жібек Жолы» бақылау бекетінен Сарыағаш АПБ-нің кезекшілігіне жедел ақпар түседі. Онда бекеттен Қазақстанға жаяулатып өтіп бара жатқан ер азаматтың күдік тудырғаны айтылады. Осылайша оқиға орнына тез арада жеткен полицейлер шекарашылардың «Клементина» атты иті мазасызданып, әлгі күдікті тұлғаны айналшықтап кетпей қойғанын көреді. Полицейлер ер азаматты тексеру барысында шалбарының қалтасынан  қағазға оралған есірткіге ұқсас затты алды. Алынған зат бірден сараптамаға жолданды. Нәтижесінде есірткі тектес зат 1,5 грамға жуық гашиш болып шықты. 

Бүгінде ұсталған азамат қамауда. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Осылайша  Клементинаның сезімталдығының арқасында есірткі тасымалдаушы ретінде күдікті азамат ұсталып, полицейлер қылмыстың алдын алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер