Мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды

19.jpg

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері  аудан бойынша қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, қылмыстың алдын алу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үзіліссіз, күні-түні атқаруда. Осындай іс-шараның бірі "Қауіпсіз жол",  яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 айға жоспарлы түрде ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараның кезекті тексеруі кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Заманбек Жәнібекұлы, өзіне бекітілген аумақта, яғни  Шалдар ауылы көшесінің бойында бағытынан ауытқып келе жатқан, жүрісі күмәнді  көлікті тоқтатады. Аталмыш «ВАЗ-24014» маркалы автокөлікті тексеру кезінде, автокөлік жүргізушісінің іс-әрекетінен мас халде екеніне күдік туындап, оның мастық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізушінің "орта дәрежелі" мас екені анықталды. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда учаскелік  полиция қызметкері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге автокөлікке мас халде отырмаңыздар, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмай, қарсы жолаққа шықпай көлік тізгіндеңіздер деп кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер