Полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғынды анықтады

29.jpg

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Осы тұрғыда Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйінде есірткі сақтағанын анықтады.

Полицейлер оның үйін тінту кезінде, 1 дана полиэтилен пакетке салынған жасыл түсті өсімдік ұнтақтарын, 1 дана өсімдік затын тұтынуға арналған полиэтиленді бөтелке және терезе алдынан А4 форматтағы қағазда кептіріліп жатқан өсімдікті  айғақты зат ретінде алды. Оған сараптама тағайындап, нәтижесінде «кептірілген марихуана» екені расталды.  Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекусорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, ер адамның бұған дейін де дәл осы бап бойынша сотты болғандығы анықталды.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.



Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер