Мал ұрлығының алдын алу үшін...

30.jpg

Түркістан облысында жайылымдық жерде тұрғынның биесін сойып, еттерін ұрлап кеткен тұрғын қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Тасты ауылының маңындағы жайылымдық жерде жайылып жүрген биесін көруге барғанында, оның басы мен терісін ғана көреді. Содан оны белгісіз біреу сойып, етін ұрлап кеткенін айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1 «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті құрықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жайылымдық жерге биені сойып, етін алып кеткен. Ол ұрлаған еттерді сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу үшін малдарыңызды бақташының қарауынсыз жібермей, үш жақты келісім жасауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер