Отбасыдағы зорлық-зомбылық-өзекті мәселе

4.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданында  зорлық-зомбылықты  азайту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға полиция подполковнигі Ербол Оралбаев, полиция капитаны Қалижан Мусалимов, полиция аға лейтенанты Бағлан Нұрмаханов, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы, сондай-ақ Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы КММ директоры Ерболат Тұңғышбайұлы, аудандық орталық аурухананың дәрігері Талғат Қалдыбеков қатысты. Жиынның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жолдары мен дағдарыс орталықтары туралы кеңінен талқылау. Яғни жиналыс барысында әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау туралы кеңінен айтылды. Шараға жиналғандар зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Бұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері алдағы жұмыс жоспарлары жайлы толығырақ талқыға салды. Бұндай қоғамдық деңгейдегі мәселелер полицейлердің күн тәртібінен түскен емес.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер