Өзбекстандық «гашишпен» ұсталды

84260E63-CAED-4A29-AD87-4EBB33E9F5BB_1x.jpeg

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған  Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.  

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  өзбекстандық  тұрғын  Қазақстанға  өтерде, оған «Клементина» атты ит белгі береді. Оқиға бойынша тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның  шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат табады. 

Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты  ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. 

Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер