Көлік басқару құқығынан 7 жылға айрылды

12.jpg

Түркістанда мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Шардара   ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі уақытта  жол ережелерін бұзып келе жатқан «Daewoo nexia» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық  сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ӘҚБтК 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты іс құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, көлік иесін  7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырды. 

Өз кезегінде,  облыс полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер