«Ачи» есірткі тасымалдаушыны ұстады

16.jpg

Түркістан облысында шекарадан «марихуана» алып өтпек болған шетелдік  қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қапланбек» шекарасының бақылау бекетінен есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, полицейлер Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтіп бара жатқан «Man TGX 18480» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, «Ачи» атты қызметтік ит белгі беріп, полицейлердің көлік жүргізушісіне деген күдігін күшейтті. Осыдан соң сақшылар тиянақты тексеру барысында жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтап, ит белгі берген көліктің тұсын мұқият қарады. Нәтижесінде  аталған жүк көлігінің құрал-саймандар салатын жәшігінің ішінен есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленді. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытынды көрсеткендей «марихуана» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер