Алаяқтықтың құрбаны болды

15.jpg

Түркістан  полицейлері  Атырау қаласындағы вахталық жұмысқа тұрғызып беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан  қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни Түркістан  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оның айтуынша, танысы  Атырау қаласындағы белгілі бір компанияға вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 150 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні  анықтап, Полиция  басқармасына  жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Сондай-ақ күдікті дәл осындай алаяқтықпен  3  тұрғынды алдап кеткен.  Олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден алған. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.  Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді ескертеді 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер