Түркістан облысы Отырар аудандық сотында «Сот актілерін орындаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы М.Куандыков, кеңсе меңгерушісі К.Әлімбек, аудан прокуратурасының прокуроры А.Мықтанбек, пробация бөлімінің басшысы Ә.Раманқұлов, аумақтық жеке сот орындаушылар бөлімінің басшысы Ғ.Абылайханов қатысты.
Сот төрағасы М.Куандыков өз баяндамасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша орындауға жіберілген сот актілерінің саны, уақытылы орындалуы туралы деректерді сотқа жіберу жөніндегі мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар, орындауға жіберілген сот актілері бойынша салыстыру жүргізуге және орындалуы жөніндегі деректерді беру қажет екендігіне сот орындаушылардың назарын аударып, сот актілерінің орындалуы, қоғаммен соттардың қызметін бағалау критерийлерінің бірі болып табылатынына және кәсіби деңгейін арттыратына тоқталып өтті.
Іс-шара барысында, мемлекеттік бажды, айыппұлдарды, сот шығындарын өндіру, мемлекеттің кірісіне мүлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелер талқыланды.
Шара соңында, сот орындаушыларға тұрғындармен сот актілерін орындау жұмысын жандандырып, тиісті түсіндіру шараларын қолдану қажеттілігі тапсырылды.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі