Ауласына есірткі өсірген...

20.jpg

Үйінің  ауласына  «сора» есірткісін еккен тұрғындар  қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы кезінде  2  тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды.  

Полицейлер  күдіктілердің  үйіне барып, олардың ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады.  Нәтижесінде алынған өсімдіктің  90 түп «сора» есірткісі екендігі анықталды.  Сондай-ақ күдіктілер өзгенің егін алқабында жұмысшы болып істейтіндері расталды. Қазіргі таңда күдікті деп танылған  2 ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысу заңға қайшы екенін  ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер