«Қару» шарасы өтті

4.jpg

Түркістан облысы көлемінде «Қару» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды анықтау болып табылады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы тұста Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жұмысының нәтижесінде, заңсыз қару сақтаған жергілікті тұрғын анықталды. Яғни полицейлер тұрғынның үйін тінту барысында, жатын бөлмедегі сөмке ішінен заңсыз 2 дана оқ-дәріні тәркілеп алды. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз емдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алды. Айғақты зат ретінде алынған оқ-дәріге сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Түркістан облысының полицейлері мұндай шаралардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын ескертеді. Сонымен қатар тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсыруға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер