23 жылдан бері қызыл паспортпен жүрген

5.jpg

Түркістан облысында 23   жылдан бері қызыл паспортпен жүрген 69 жастағы қарияға жаңа құжат табысталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шардара  АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға,  мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге,  үнемі көмек көрсетіп отырады. 

Мәселен жуырда  Шардара  АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында құжатсыз тұрғындарды анықтау  жұмыстарын жүргізіп, 23 жылдан бері қызыл паспортпен жүрген  ауыл тұрғынын анықтады. Яғни  69 жастағы қарияның құжат алмауына оның мүлде жақындары жоқ болғаны себеп болған. Қария   отбасылық жағдайына байланысты ҚР-ның жеке куәлігін  алмаған. Бұл жайтты анықтаған  көші-қон полицейлері  Шардара  ауданының тұрғыны Берекет Тумаковты тез арада  құжаттандырып, ҚР азаматының жеке куәлігін  табыс етті. Сондай-ақ ақсақалға заңды  түрде құжаттанудың аса маңызды екенін айтып, түсіндірді.

Берекет ата көші-қон қызметкерлеріне  ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер