Темекі тарту – көп аурулардың бастауы

01-13.jpg

Темекі тарту – өліммен аяқталатын көптеген аурулардың асқынуының басты себебі. ДДСҰ (дүниежүзілік денсаудық сақтау ұйымы) статистикасына жүгінсек, бүкіл әлемде жыл сайын темекі тартудан 6 миллионға жуық адам қайтыс болады. Темекі тартудың қауіптілігін әсірелеп жіберу мүмкін емес. Темекі түтіні организмге енген кезде ағзалар мен жүйелердің көпшілігінің жай-күйі үшін жауапты жүйкелік импульстердің ырғағы бұзылады. Темекі тартудың кесірінен көптеген патология пайда болады.   

Сигарет – темекі жапырағы мен қағаздан жасалатын еш залалы жоқ ойыншық емес. Ол бықсып жанған кезде 4 мыңнан аса қатерлі химиялық заттар бөлініп шығады. Дәл сол заттар темекі тартқан кезде ағзаға ең басты нұқсанды келтіреді.  Және темекі тартқан адамның жүзінде біршама өзгеріс орын алады.

Тері. Темекі тарту сіздің теріңізге қандай қауіп төндіруі мүмкін? Созылмалы гипоксия мен тамырлардың тарылып кетуі темекі тартушының дермасының қанмен қамтылуының дұрыс істемеуіне апарып соғып, соның салдарынан тері қоректік заттар мен оттегіден айырылып қалады.  Тері бозғыл түске боялып, сусызданып кетіп, омсырайған түрге енеді. Иілімді-икемділігінен айырылған терідегі мимикалық әжімдер көбейіп, темекі тартудың басқа да жаман салдары пайда болады.   

Дене бітімі. Темекі тарту адам мүсініне қандай нұқсан келтіруі мүмкін? Алайда, темекі тарту арықтауға көмектеседі деген аңыз айтылып жүрсе де, темекі тартушының денесіндегі май қыртыстары қалыпты жағдайдан әлдеқайда ауытқып тұрады: май көбінесе белдің айналасы мен кеудеге жиналады. Мықындағы май қыртысы азаяды. Сан мен белдің төңірегінде диспропорция пайда болады.  

Ауыз қуысы. Анық байқалатын галитоздан (сасық иіс) басқа темекінің салдары эстетикалық ақаулардан: тіс кіреукесінің сарғайып кетуінен, қызыл иектің басқа түске енуінен байқалады. Темекі шегу ауыз қуысының шырышты қабығы үшін де зиянды: қабынып кететін ауруларға, тіпті тістердің түсіп қалуына да апарып соғады. Темекі тартудан болатын зиянның тағы бір қыры ауыз қуысының қышқыл-сілтілік тепе-теңдігінің бұзылуы. Ол тістің құрттауы, тіс кіреукесіне сызат түсуі және басқа патологиялардың пайда болу мүмкіндігін арттырады. Темекі тарту пародонтқа да зиянын тигізеді: оның кеселдерінің жартысынан көбі темекі тұтынудың кесірінен болады.





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер