«Әділдікті талап ет!»

    13.jpg

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, «Әділдікті талап ет!» республикалық акциясын іске қосты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Сәмет Нұрдәулет мәлімдеді.  

« Еліміздің барлық өңірлеріндегі жолдардың сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу басталды. Басты мақсаты - жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жүйелі бұзушылықтарды жою. Ал еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты. Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге, қылмыстарды болдырмауға, олардың алдын-алуға атсалысыңыздар», – деді Нұрдәулет Ильясұлы.

Брифинг барысында «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облысы бойынша филиал жетекшісі Амангелді Қалыбек науқанға қатысу туралы түсіндірді. 

«Азаматтар науқанға «adildik.kz» веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады. Түскен барлық ақпарат жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты Кеңестерінде талқыланады. Осы ретте салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында уәкілетті органдарға ұсыныстар беріледі», – деді Амангелді Ілесбайұлы. 

Сонымен қатар, науқанның қорытындысы мен Бірлестік қызметінің нәтижесі жыл соңында өтетін Жемқорлыққа қарсы форумда жарияланады. Яғни белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады. 

Айта кетейік, акция 15 тамыздан басталып 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер