«Айфон» ұрлаған сезікті ұсталды

17.jpg

Полицейлер ұялы телефон ұрлаған Қызылорда облысының  тұрғынын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Әйел адамның айтуынша, үйінің ішіндегі жатын бөлмесінде тұрған «Айфон 12» және «Айфон 13» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі  700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Тәртіп сақшылары қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар  Қызылорда облысының тұрғыны анықталды. 

Белгілі болғандай, сезікті жігіт Түлкібас ауданына туыстарының тойына келген.  Содан күдікті тойдан шығып, жергілікті тұрғынның үйіне байқатпай  кіріп, ұрлыққа түскен. Яғни оңай жолмен олжалы болуды көздеген қызылордалық тұрғын ұрлаған ұялы телефондарды  қолды қылған.  Осыдан соң бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге  қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер