Өзгенің көлігін айдап кеткен

18.jpg

Түркістан облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Түркістан қалалық Полиция басқармасына  жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта көше бойында тұрған «Ваз-2106» маркалы көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. 

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті  шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде түркістандық  полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке-басын анықтады. Яғни жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай,  күдікті түнгі уақытта көшеден, кілттенбеген көлікті байқап, айдап кеткен. Бүгінде  автокөлік заңды иесіне қайтарылды.  


Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше, автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет. Автокөлік ұрланған жағдайда, тез арада полицияға хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер