Есірткі қызметтік иттің көмегімен анықталды

1.jpg

«Джайла»  атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған  шетелдікті  ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда «Джайла» атты қызметтік иттің Өзбекстан Республикасынан  Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп, үріп  белгі бергені айтылыған Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап, бірден  тексереді. Нәтижесінде  күдікті азаматтың  шалбарының  оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады.

Алынған заттың «гашиш»  есірткісі екені расталды.

 Сондай-ақ орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің  тұрғыны екені анықталды.  Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған  қатысты  ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер