Полицейлер қауіп пен қиындықтың ортасында жүреді

6.jpg

Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қол астындағы қызметкерінің ерлігі туралы жазды. 

-Біздің қызмет қырағылық пен жедел әрекет етуді ұдайы талап етеді. Себебі қашанда қауіп пен қиындықтың ортасында жүреміз. Қылмыскерді анықтау, ізіне түсу, кінәсін дәлелдеп, өзгелерге зиянын тигізбейтіндей сотқа жолдау. Адамдарға қиын кезде көмектесу, құтқару мен қауіптің алдын алу...Осылай кете береді.

Бүгінгі сіздерге айтқалы отырған оқиғам, учаскелік инспектордың бір күнде бетпе бет келген қауіпті жағдайының бірі. 

Бүгінгінің батыры полицей Олжас Ерсұлтанов. Ол өрт сөндірушілер келем дегенше оқиға орнына бірінші болып жетіп, мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар кішкентай қызды ажалдан құтқарды. 

Үйде өрт шыққанда төсек тартып жатқан мүгедек ер адам мен 5 жас шамасындағы бүлдіршін қыз абдырап, қауіптің ортасында қалып қояды. Ал Олжас батыр сол кезде, дер кезінде табылып, ширақ қимылдап, адам өмірінің бәрінен маңызды екенін дәлелдеді. 

Ерлігіне куә болғандар батыр полицейге алғыстарын жаудыруда.Ел үшін жанын пида етуге дайын Олжастай батырларымыздың қатары көбейе берсін. Елім дейтін ұл болса, ерім дейтін ел болып, қолдауға қашанда дайынбыз!-деп жазды генерал фейсбуктегі жеке парақшасында.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер