Базардағы өртке қатысты тергеу жүріп жатыр

7.jpg

Түркістан облысында дала өрті сөндірілді. 

-3 қыркүйек күні сағат 13.40 шамасында 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенген. Отпен күресте күрделі метеожағдайлар болып, жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел отты үлкен аумаққа тез жайды. «Тілсіз жаумен» күреске 70 адам және 8 техника жұмылдырылды. Өрт 21.40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Қазіргі уақытта облыстағы өрт шығу қаупі бар аймақтарда Түркістан мемлекеттік өңірлік "Түркістан-Сырдария" табиғи паркінің 35 жұмыскері мен 4 бірлік техникасынан кезекшілік ұйымдастырылды.  Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстайды,-делінген Түркістан облыстық әкімдігі таратқан мәліметте. 

Облыс әкімдігі жақында Жетісай қаласында өртеніп кеткен «Күлпаршын» базарындағы жағдайды да назарында ұстап отыр. Базардан  580 жүк көлігімен 3150 тонна қоқыс шығарылды. Нысан өрт қалдықтарынан тазартылды. Базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда, тәулік бойы жүргізілді. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға аталған базарының бүгінгі жағдайы баяндалды. Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді. Аталған оқыс оқиға қайталанбауы үшін аудан, қалалардағы барлық базарлардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалап, қауіпсіздік шараларын тексеруді тапсырды. Өртенген базардың жаңа жобасы жасалды. Сауда нүктелері қолайлы әрі қауіпсіз етіп салынады. Оны тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді. Базардың инфрақұрылымы жақсарып, жолы жөнделеді

– Халықтың мүддесін қорғау – бірінші мәселе. Сондықтан өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуді тездету керек. Жеңілдетілген несие беруді шешіп, банкке қарызы барларды қолдау қажет. Қарызды қайтару мерзімін шегеру бойынша жұмыс күшейтілсін, – деді Дархан Сатыбалды. 

Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, базарға өрт қауіпсіздігі бойынша мамыр айында тексеру жүргізілген, бірнеше кемшілік анықталып, ескерту жасалған. Өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптар сақталмаған. Оқыс оқиғаға байланысты полиция тарапынан тергеу жүріп жатыр. Өрт-техникалық сараптама, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Шұғыл тергеу тобы құрылған. 

Жуырда базардағы құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Базар аумағын аралап, базар басшылығына сауда нүктелерін кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынуды басты назарда ұстау керектігін жеткізді. Қазіргі таңда жаңа базар құрылысына 15 арнаулы техника жұмылдырылған. 

Құрылыс жұмыстарымен «TAYMAS» ЖШС мен «Нұр-Л» ЖШС компаниялары айналысуда. Негізінен өрт талаптарын сақтау мақсатында «МПК ПРОЕКТ» ЖШС компаниясы су жүйелері мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде.  А.Жетпісбаев орталық базардан бөлек зардап шеккен 29 жеке кәсіпкердің өртке оранған дүңгіршектері мен дүкендерінің жағдайымен танысып, арыз-шағымдарын қарайтындығын жеткізді. Базар басшылығы мен тиісті мекеме басшыларының қатысуында арнайы жиын өткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді. 

Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен облыстық басқармалар мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары мен АҚ «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы» өкілдері, екінші деңгейлі банктердің аудандық бөлімше басшылары мен «Ырыс» микрокредиттік ұйым серіктестігі басқарма басшыларының қатысуында жиын өтті. Күн тәртібінде өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несие мерзімдерін уақытша тоқтата тұру және төмен пайызда көмек ретінде несие беру мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Түркістан» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс» МКҰ ЖШС басқармасына заң талаптарына сай «Күлпаршын» базарының зардап шеккен кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, несие беру жолдарын қарастыруды, сондай-ақ «Ырыс» МҚҰ тарапынан берілетін жеңілдетілген несие лимитін толықтыру жұмыстарын жүргізуді туралы нақты тапсырма берді. 

Айта кетейік, өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер