Мүгедектікке шығарып беремін деп...

12.jpg

Түркістан облысында мүгедектікке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдасы мүгедектік зейнетке шығарып беремін деп, 400 000 теңге ақшасын алған. Алайда, жарты жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. 

Хабар алған бойда тәртіп сақышары бірден іске кірісті. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ер адам несиелерін жабу үшін осындай әрекетке барған. Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан обысының полицейлері тұрғындарға алаяқтыққа тап болмас үшін, күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қоса, егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз, немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер