Тонаушы өзінің көршісі болып шықты

17.jpg 

Полицейлер көршісінің құрылысқа қажетті құрал саймандарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер оның тұрғын үйіне заңсыз кіріп, құрылысқа қажетті бұрғылағыш аппараты мен ұсақтағыш құралын жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты шолып айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын, жұмыссыз ер азамат анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. 

Белгілі болғандай күдікті ер адам мас халде көршісінің үйіне кіріп, құрылысқа қажетті құралдарды жымқырған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицейлерге хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер