Дөңгелек жымқырғыш күдікті ұсталды

24.jpg

Түркістан облысының полицейлері гараждан көліктің 4 дөңгелегін жымқырып кеткен күдіктіні анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйіне кіріп, гаражында тұрған автокөліктің 4 бірдей дөңгелегін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 80 000 теңгені. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. 

Ақпарат алысымен ұрлық болған мекенжайға бірден жедел-тергеу тобы жетті. Тұрғынның дөңгелегін ұрлап, жеңіл жолмен пайда таппақ болған ұрыларды ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды.

Оқиға орнынан дәлелдерді жинақтап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде осы ұрлыққа күдікті ретінде жұмыссыз жергілікті тұрғын анықталды. 

Бүгінде полицейлер дөңгелектерді айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік салонында бағалы заттарды қалдырып кетпеуге және көлікті күзетілетін арнайы тұраққа қойып, дабыл жүйесін орнатуға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер