Татуластыру рәсімдеріне түсіндіру жүргізілді

27.jpg

«Татуласу рәсімдері институтын әрі қарай дамыту және оның қолдану аясын кеңейту туралы» Арыс аудандық сотының іс-шара жоспарын жүзеге асыру мақсатында төраға С.Умаров, Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әсіл, Арыс қаласының кәсіби медиаторы Ж.Утегенова Арыс ауданына қарасты Ақдала және Дермене ауылдық округтеріне шығып, халық арасында татуластыру рәсімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге ауыл тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында «Медиация туралы» Заңды кеңінен қолдану мәселелері талқыланып, медиацияның өзектілігі мен тиімділігі және татуластыру рәсімдерін қолданудың жетістіктері туралы айтылды.

Қоғамдағы жанжалдың деңгейін төмендетуге ықпалын тигізетін медиацияның артықшылықтарына тоқталып, медиатор жұмысының қырлары және медиатор болғысы келетін тұлғаға қойылатын заң талаптарын, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудегі татуластыру ерекшеліктерін, татуластыру ресімдерінің бірі – партисипативтік рәсімі туралы және қоғамдық қатынастарға жақсы әсер ететін, еліміздің ашықтық деңгейін көтеретін сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығы туралы айтылды.

Төраға С.Умаров Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу туралы айтып, онық мақсаты мен міндеттеріне, іске асыру мен медиацияны жүргізу тәртіптеріне де тоқталды. Баланың мүделеріне орай, еңбек даулары, мұрагерлік, жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару туралы, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, сақтандыру, қарыз келісім шарттары бойынша дауларға медиация жүргізілетінін түсіндірді.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берілді.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер