Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

sądowe-ustalenie-ojcostwa.jpg

Сотталушы С.С, 2022 жылғы 2 шілде түнгі сағат 23:00-дер шамасында бұзақылық, мас қалде бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен ұштасқан аса қатыгездікпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасап, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы С.Рахимов көшесінің бойында, жәбірленуші Ш.Т-ды оң жақ ауыз тұсынан бір рет ұрып, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіріп, бұзақылық жасаған.

Басты сот талқылауында сотталушы С.С өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, айыптау актісіндегідей жауаптар бергенін. Өзінің жасаған қылмысына өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын, жәбірленушіге қылмыспен келген залалдың орнын толтырып, кешірім сұрағанын, жәбірленуші өзіне кешірім бергенін айтып, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысында жәбірленуші Ш.Т, сотталушы С.С-пен кәсіпқой емес медиатор С.Райымбековтың ықпалымен татуласып, өзіне келтірілген материалдық зиянның толығымен өтелгенін көрсетіп, сотталушы С.С-қа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға қарсы емес екендерін көрсетті.

Сот құқық бұзушы С.С-ты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлiгiнің негiзiнде жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына және келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатты

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер