Жемқорлыққа қарсы жиын өтті

31.jpg

Келес ауданына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов арнайы іссапармен келді. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өркен Байділханұлы алдымен Келес ауданы әкімі аппаратында болып, «ADEP» диалогы алаңында Келес ауданының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы мен Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев қатысып, жүргізіп отырды. 

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін қайта жаңғырту қажеттігін айтты. Қазір мемлекеттік қызметтің мәртебесі де, оның қызметінің түрі де, өкілеттілігі мен міндеттері, құқы мен жауапкершілігі де мүлде жаңа талаптарға жауап беруі тиіс. Осы тұрғыдан айтқанда, алға қойылған міндеттерді толық орындау үшін оған жеткілікті дайындығы бар, кәсіби білікті, аса қабілетті адамдар қажет. Демек, мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеуде жаңа талаптарға толық сай келетін мамандар шоғырын қалыптастыруымыз қажет» - деді Өркен Байділханұлы. 

Сондай-ақ, Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласында жасалынып жатқан соңғы өзгерістермен бөлісті, мемлекеттік қызметшілерді көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеуге, әрбір азаматтың келген мәселесін мұқият тыңдап, оларға барынша сыпайы және құрметпен қарауға шақырды.

Жиын соңынан жеке сұрақтарын қойғысы келген мемлекеттік қызметшілерді қабылдап, ұсыныс, пікірлерін тыңдады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажанов аудан орталығында орналасқан «Халықтық кеңсе» және Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстарымен танысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер