«Жалпы құқықтық білім беру сабағы» өтті

32.jpg

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал- лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасына орай, 1 - қыркүйек Білім күні Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында арнайы жиын өтті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жиынға Түркістан қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп психологтары және оқушылар қатысты. 

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу. 

Полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев және Тергеу бөлімінің тергеушілері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер