Жұмысшысы сан соқтырып кетті

6.jpg

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғынның сеніп тапсырған мүлкін жаратып, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдіктіні анықтады 

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жеке мал шаруашылығындағы қоймасынан 6 тонна бидай, 6 тонна арпа мен 750 дана жоңышқаны жұмысшысы сатып жіберген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарлама алысымен тез арада оқиға орнына шығып, тексерудің нәтижесінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. 

Полицейлер тексеру барысында, жәбірленуші ауызша келісім арқылы малдарына қарауға жас жігітті жұмысқа алған. Содан жас жігітке мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Ал таңертең шаруашылыққа келгенінде, қоймадағы сеніп тапсырған мал азығының ұрланғанын көреді. 

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға барынша қырағы болып, өздерінің бағалы мал-мүліктерін кез келген таныс емес адамдарға сеніп тапсыруға болмайтынын ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер