«Миллион теңге жәрдемақы әперемін» деп...

7.jpg

Түркістан облысында мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған келіншек анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Тұрғынның айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, босануға байланысты мемлекеттен берілетін жәрдемақыны еселеп алып беретінін ұсынған. Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде ұстаған келіншек қызметі үшін 450 мың теңгені санап алған. Бар ақшасын санап берген жәбірленуші уәденің орындалуын 6 ай күткен. Ақыры алданғанын түсініп, ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияға арызданған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жәбірленушіге мемлекеттен миллион теңге жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, яғни жас келіншек болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 2 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуға немесе жұмысқа орналасуға күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер