Педагогтың жемқорлыққа баруы-қауіпті

25.jpg

Қожа Ахмет Ясаи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінде өткен  кезектен тыс Сенат мәжілісіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті хабарлады. 

Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселе - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, аталған мәселе бойынша Жол картасын қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі жандандыру.

Басқосуға арнайы қатысқан Департамент басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов университетте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу, ұжым мен студенттерге түсіндіру және т.б. жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек екенін айтты.

«Педагогтердің сыбайлас жемқорлық жасауы - өте ұят және қоғам үшін қауіпті жағдай. Себебі, олар - келешек ұрпақты тәрбиелейтін мамандар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Қажет болса, департамент те көмектесуге әзір», - деді ол.

Ректор Жанар Темірбекова соңғы бір жыл көлемінде университетте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заң бұзушылықтарды анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Мәселен, бұған дейін студенттік жатақхана ақысы қолма-қол ақшамен жиналғаны сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына әсер ететіні ескеріліп, жатақхана ақысы электронды төлем жүйесі арқылы банктерден қабылданатыны және өзге де бірнеше саладағы сыбайлас жемқорлық жойылғанын тілге тиек етті.

Жиын соңында Сенат мүшелері де сыбайлас жемқорлық мәселе бойынша өз ойларын айтып, Департамент тарапынан ұсынылған Жол картасымен танысып, оны қабылдауға келісті. Сондай-ақ, университеттің Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген құндылықтарды оқытушыларға да, студенттерге де терең түсіндіру керек екені айтылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер