Түркістан облысы Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімі аппараты заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің жеке және заңды тұлғаларға жер учаскілеріне құқық беретін шешім жобаларын дайындау кезінде ҚР нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу тақырыбы аясында дөңгелек үстел болып өтті. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Сауран ауданы әкімдігінің ауылдық округ әкімдері мен шешім жобаларын дайындап, пысықтайтын мамандары, мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ Түркістан облысы филиалының Сауран аудандық бөлімінің мамандары қатысты.
Дөңгелек үстелде Сауран ауданы әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы М.Бегалы мемлекеттік қызметшілер мен тиісті сала мамандарына өздеріне жүктелген міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР жер кодексі, ҚР басқа да норматитвтік құқықтық актілерінде көрініс тапқан ережелердің қатаң сақталу керектігі түсіндірілді.
Жиынға қатысушылар тарапынан шешім жобаларын дайындау кезінде қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістермен толықтырулар жөнінде сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.